ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ
«Ауыл» РҚШ-ның қызметкерлерімен кездесу барысында ТМД ПАА Кеңесі Хатшылығы басшысының орынбасары Иван Мушкет Ассамблеядан 60 бақылаушы ҚР Президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат науқанының барысын бақылап отырғанын атап өтті. Сонымен қатар ТМД ПАА Халықаралық демократияны дамыту мониторингі институтының сарапшылары үгіт-насихат науқанының өтуі, проблемалық мәселелердің болуы туралы сұрады. «Ауыл» ХДПП - на ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевтың республикалық қоғамдық штабының басшысы Төлеутай Рахымбеков өз сөзінде бүгінде еліміздің 166 ауылдық елді мекенінде және 88 қалада, оның ішінде республикалық маңызы бар 3 қала мен 17 облыс орталығында үгіт-насихат науқаны белсенді жүргізіліп жатқандығына тоқталды. Кездесу соңында Иван Мушкет кандидаттың штабымен сайлау күні қарсаңында кездесуге ниет білдіріп, алдағы саяси додада сәттілік тіледі.