Жаңалықтар

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН БЕРДІ

САЛТАНАТ ТҰРСЫНБЕКОВА АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕБІН БЕРДІ

Салтанат Тұрсынбекова өзін ел Президенті лауазымына кандидат етіп ұсынған «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдеріне сайлау науқанында бүгінге дейін жасалған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді. Бұл туралы кандидаттың штабы мәлім етті. Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізген 16 күнде алты өңірде болған.– Мен кең-байтақ еліміздің 6 өңіріне сапарладым. Әр сапарымда құқық қорғаушылармен, түрлі үкіметтікемес ұйымдардың құрылтайшыларымен, зауыт жұмысшыларымен, студенттермен, мұғалімдермен, дәрігерлермен, дағдарыс орталықтарындағы әйелдермен, жануарлар құқығын қорғаушылармен және басқа да санаттағы азаматтармен кездесулер өткіздім. Әр кездесуде азаматтармен 2-3 сағаттан сөйлесе отырып, сайлауалды бағдарламамды таныстыруға уақыттың тек 30 пайызын ғана арнадым. Қалған уақыттың 70 пайызы халықтың мұң-мұқтажын, түрлі мәселелерін тыңдауға кетті, –

дейді С.Тұрсынбекова. Штаб мәліметтеріне сәйкес, кандидат 6 өңірде 3000-нан аса тұрғынмен 15 кездесу өткізген.