РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ҮГІТ ЖҮРГІЗДІ
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ ТАЙЫНША АУДАНЫНДА ҮГІТ ЖҮРГІЗДІ
РҚШ мүшелері денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен және Тайынша ауданының жұртшылығымен де кездесті. Бұған дейін РҚШ мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді. Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында шаруалармен және Бескөл ауылында жұртшылықпен жүздесіп, өңірлердің инфрақұрылымын дамыту жөніндегі сайлау алдындағы бастамаларды талқылады. Сондай-ақ Петропавл қаласындағы Kozybayev University университетінде жастармен, С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жергілікті сарапшылармен дидарласты. Одан бөлек қағаз өнімдерін өндіретін «Raduga KDR» компаниясының және «Alageum Electric» электротехникалық зауытының ұжымдарымен кездесулер өтті.