Жаңалықтар

Президент сайлауы 2022: шетелдегі сайлау учаскелері тізімі жарияланды

Президент сайлауы 2022: шетелдегі сайлау учаскелері тізімі жарияланды

Қазақстанның шетелдегі мекемелері жанынан 53 мемлекетте 68 сайлау учаскелері құрылды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

Шетелде орналасқан сайлау учаскелерінің толық тізімін мына жерден табуға болады.