Жаңалықтар

ОСК: 271 халықаралық байқаушы болады

ОСК: 271 халықаралық байқаушы болады

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Орталық сайлау комиссиясының кезекті 24- отырысының күн тәртібінің бірі ретінде қаралған мәселе - халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеу болды.

Сондай-ақ,  5 қараша күні ОСК-на Түрік мемлекеттерінің делегациясының тізіміне өзгеріс енгізу үшін Сыртқы істер министрлігінен ұсыным келіп түскенін айтты. Онда негізгі байқаушылар тарапынан 2 бірдей байқаушының кандидатурасын кері қайтарып алып, басқа байқаушыны ұсыну мәселесі қаралған. Осыған дейін, ОСК халықаралық ұйымдар мен шет ел мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеу тәртібімен, құқықтары мен міндеттері туралы кезекті отырыс барысында сөз етілген.