Жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен көз арбасты

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласымен көз арбасты

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) және оның қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-1-1, 14 KO) алғаш рет бетпе-бет келіп, көз арбасты, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Vesti.kz  сайтына сілтеме жасап.

Титулды жекпе-жек 13 қарашада Лас-Вегаста өтеді. 12 раундқа есептелген бұл айқаста Жәнібекке тиесілі чемпиондық белбеу сарапқа салынады, бұл қазақстандықтың титулын алғаш қорғауы болмақ.