Заң

Бала күтіміне байланысты демалыс қалай рәсімделеді?

Бала күтіміне байланысты демалыс қалай рәсімделеді?

Жүктілік – бұл әйел өмірінің ең маңызды кезеңдерінің бірі. Өзің ғана емес, келешек ұрпағың туралы ойланатын уақыт. Бұл тұрғыда материалдық әл-ауқат туралы да сұрақтар туындайтындығы белгілі: осындай ерекше жағдайда мемлекет қандай көмек көрсетеді? Мемлекет қандай төлемдерді жүргізеді? Жүктілік пен баланы күтіп-бағуға арналған демалыс жұмыстан қандай мерзімге беріледі? Осы мақалада сіз жүктілік және декреттік демалысқа шыққанда туындайтын барлық мәселелерге жауап табасыз.

ҚР Еңбек кодексінің 99 бабына сәйкес, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы 126 күнтізбелік күнді құрайды (босануға дейін күнтізбелік 70 күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік 56 күн). Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Кодекстің 99 бабына сәйкес, осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін құжаттарды «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының халыққа қызмет көрсету бойынша бөліміне тапсыру қажет: • жүктілікке және босануына байланысты жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды уақытша жұмысқа қабілетсіздігі парағы берілген күннен бастап 12 айдан асырмай беру қажет; • Жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айырылған жағдайда өтініш. • Жеке басын куәландыратын құжат. • Жүктілігіне және босануына байланысты берілген жұмысқа уақытша қабілетсіздігі парағы •Өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар қосымша мынадай құжатты ұсынады: • жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер); • Егер құжаттарды үшінші тұлға берсе, нотариалдық куәландырылған сенімхат. алуға болады • Еңбекақының нақты мөлшері сіздің әлеуметтік аударымдарыңызбен расталады. Бұл есептеген кезде табыс мөлшері аталған кезең ішінде Қорға түскен әлеуметтік аударымдар бойынша айқындалатынын білдіреді. • Осы әлеуметтік төлем тек жұмыс істейтін әйелдерге есептелген және бір рет төленеді. • Еңбекақының нақты мөлшері сіздің әлеуметтік аударымдарыңызбен расталады. Бұл есептеген кезде табыс мөлшері аталған кезең ішінде Қорға түскен әлеуметтік аударымдар бойынша айқындалатынын білдіреді.

Ержан Кунчашев, Шу аудандық халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімінің басшысы