Қоғам

Министрлік "Қазақстанның Ресейге көмегі" туралы мәлімдемеге жауап берді

Министрлік "Қазақстанның Ресейге көмегі" туралы мәлімдемеге жауап берді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатыр деген ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Украина барлау қызметінің өкілі Вадим Скибицкий La Repubblica басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп жатқанын айтты.

Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Tengrinews.kz тілшісі сауалына жауап беріп, бұл ақпаратты жоққа шығарды.