Жаңалықтар

Мейрам Қажыкен сайлауалды бағдарламасы туралы: Кәсіподақтар мықты болуы керек!

Мейрам Қажыкен сайлауалды бағдарламасы туралы: Кәсіподақтар мықты болуы керек!

Қазақстан Республикасы Президенттігінен үміткер Мейрам Қажыкеннің сайлауалды бағдарламасынан қысқаша үзінді.

Құрметті отандастар! Бұл – менің сайлауалды бағдарламамның қысқаша мазмұны. Ол барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартып, арттыратын ауқымды әлеуметтік, экономикалық және саяси реформаларға бағытталған. Бағдарлама мақсаты – баршаға тең мүмкіндік беру «Игiлiк түбi – ынтымақ. Менің сайлауалды бағдарламамның да мақсаты осыған негізделеді. Яки, адамдарға теңдей мүмкіндік беруге, онда да қабілеттерді дамыту және оны іске асыруға басымдық беріледі. Әсіресе, жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар үшін басты құндылық – Адам бостандығы, қадір-қасиеті мен әл-ауқаты болып табылатын заманауи қоғам құру маңызды», - дейді Мейрам Қажыкен. Сондай-ақ, оның айтуынша, бұл дегеніміз – Біртұтас Қазақстан халқын қалыптастыратын түрлі этностардың мәдени дәстүрлерінің үйлесімді дамуы. Мәдениет арқылы қоғамға толеранттылық пен патриотизмді дәріптеу. Сапалы білімге теңдей қолжетімділікке кепілдік беріледі Оқыған адам – өзгеріс факторы. Қазіргі заман адамының қалыптасу барысы барлық деңгейдегі білім беру сапасын арттыруды талап етеді. Адамның негізгі функциясы – оқу. Тағы бір қызметі – қабілеттерді дамыту, өмір бойы кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру. «Сапалы білімге теңдей қолжетімділікке кепілдік беріледі. Осыған байланысты бірқатар шаралар қолға алынуы тиіс. Мысалы, білім беру сапасын арттыру. Мектептерді қарапайым және элиталық деп бөлуді доғару. Мектеп мұғалімдерін даярлауға ерекше назар аудару. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге келсек, ол айтарлықтай жаңғыртылып, жаңаланатын болады. ЖОО-ларда ақылы және тегін білім беру арасындағы оңтайлы арақатынасты қамтамасыз ету керек», - дейді Қажыкен. Құқықтық мемлекет – баршаның заң алдында бірдей болуы «Құқықтық мемлекет деген мемлекеттік билік органдарының заң нормаларын қалтқысыз орындауын білдіреді. Құқықтық мемлекет – баршаның заң алдында бірдей болуы. Бұл бағыттағы реформалардың бірі шешімдер қабылдау және оларды орындаушы билік тармақтарын қысқарту болып табылады. Ал бұл мемлекеттік басқаруды барынша орталықсыздандыру дегенді білдіреді. Орталық деңгейдегі ұйымдардың функциялары едәуір қысқарады, аймақтық деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесі дамиды. Әкімдердің өз бетінше шешім қабылдау құқығы кеңейтіледі. Мықты аймақтар – мықты республика», - дейді ол. Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру әкімдерді халық өзі сайлай бастаған кезде ғана қажетті нәтижеге ие болады. Бұл азаматтардың өмірдегі маңызды шешімдерді қабылдауға ат салысуын қамтамасыз етеді. Мұндайда жергілікті атқарушы биліктің халық алдында есеп беру деңгейі артады. Осымен қатар, бір мезетте биліктің тағы бір тармағы да реформаланатын болады. «Құқықтық тәртіп азаматтардың заңға бағынуына негізделеді. Ол заңдылықты қамтамасыз етуді қызметтік парызы деп санайтын адамдардан бастау алады. Құқық қорғау органдары қызметінің заңдылығы мен барынша ашықтығы, сот билігінің тәуелсіздігі, мемлекеттік қызметкерлердің заңдарды бұзу фактілерінің жариялылығы қамтамасыз етілетініне уәде беремін. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күшейтіліп, жазадан жалтаруға жол берілмейтіндігін жауапкершілікпен мәлімдеймін», - деді Мейрам Қажыкен. Кәсіподақтар – еңбек адамының мүддесін таныта отырып, саяси шешімдер қабылдауға тартылады Сондай-ақ, Мейрам Қажыкен елімізде мықты кәсіподақтар құру қажет екенін айтады. «Кәсіподақтар – азаматтық қоғамның ең үлкен бөлігі. Тәуелсіз мықты кәсіподақтар құру үшін жағдайлар жасалатын болады. Олар Еңбек адамы мүддесін танытатын қоғамдық ұйымдар ретінде саяси шешімдер қабылдауға тартылады. Кәсіпкерліктің дамуына нақты ықпал ете алатын салалық және ұлттық деңгейдегі кәсіпкерлер ұйымдарын құру үшін жағдайлар жасалатын болады. Кәсіпкерлер экономиканың жаңа заманауи моделін құруға ат салысады. Ол арада олигархтар мен олигополияларға орын жоқ. Әлеуметтік әріптестік институты дамиды. Тараптар диалогін қолдану аясын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы «заң қабылданады», - дейді Мейрам Қажыкен. Әлеуметтік саясат: әлеуметтік стандарттар, ұлттық еңбекақы төлем жүйесі, зейнеткерлік жас жайлы Әлеуметтік саясаттың негізгі қағидасы – Адамның және оның отбасының лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету. Отбасы қоғамның басты бөлшегі ретінде қажетті және жеткілікті деңгейде жан-жақты дамуға қол жеткізуі үшін әлеуметтік жағынан толықтай қамсыздандырылады. Баспана сатып алуға ақшасы жетпейтін отбасыларға әлеуметтік пәтер беріледі деп сендіреді ол. «Ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандарттар мен әлеуметтік қамсыздандыру нормалары кезең-кезеңмен көтеріледі. Атап айтсақ, ең маңызды әлеуметтік стандарт – ең төменгі жалақы мөлшері. Оның жыл сайынғы мөлшері, есептеу мен индекстеу әдісі заңнамалық тұрғыда бекітілетін болады. Ұлттық еңбекақы төлеу жүйесін реформалау жүзеге асырылады. Ол үшін тиісті заңнамалар әзірленіп, қабылданады», - дейді ол. Республикалық бюджет қаражатынан төленді Фото Қазақстан Республикасы Президенттігінен үміткер Қажыкен Мейрам Зекешұлының штабынан берілді.