Жаңалықтар

Сайлау-2022: Үгіт насихат жұмыстарының аяқталуына 9 күн қалды

Сайлау-2022: Үгіт насихат жұмыстарының аяқталуына 9 күн қалды

Үгіт насихат жұмыстарының аяқталуына 9 күн қалды. Сондықтан ел басқарудан үмітті азаматтар уақытты құр жіберіп жатқан жоқ. Қазір жер-жердегі штаб өкілдері сайлаушылармен кездесіп, кандидаттар да ел аралап жүр.Қасым-Жомарт Тоқаев штабының өкілдері Павлодар облысындағы зауыт ұжымымен кездесті

Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев штабының өкілдері бүгін Павлодар облысындағы Богатырь көмір кенішінің және электролиз зауытының ұжымымен кездесті. Өндірістегі қауіпсіздік, жұмысшылардың құқықтарын қорғау саласындағы мәселелерді талқылады. Кейін Достық үйінде өңір жұртшылығымен және ғылыми қоғамдастық өкілдерімен жолықты. Үміткердің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды талқылады. Асхат Оралов, Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы:

Мейрам Қажыкен Ақтау портының жұмысымен танысты

Кандидат Мейрам Қажыкен Маңғыстау облысына барды. Ақтаудағы теңіз сауда портының жұмысымен танысты. Мекеме бір мезетте 9 кемені қабылдауға қауқарлы. Жүкті тиеу қуаты – 17,7 млн тонна. Кандидат еңбек адамдарына сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Порттың елге экономикалық мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Жиын барысында сайлаушылар тас жолдардың сапасына қатысты пікір білдірді. Мейрам Зекешұлы ірі мекемелердегі кәсіподақ басшыларымен де кездесті. Жақсығали Құдайбергенов, облыстық штаб басшысы:

Қарақат Әбден шаруа қожалығында болды

Қарақат Әбденнің сыр өңірі жұртшылығымен кездесуі жалғасып жатыр. Бүгін кандидат Қызылорда қаласының тұрғындарымен кездесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кейін Арал қаласындағы шаруа қожалықтарының бірінде болды. Мұнда түйе, жылқы мен ірі қара бар. Сүт, ет, нан өнімдері де шығарылады. Кәсіпкер 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қазір Арал ауданында 80-нен астам шаруа қожалығы бар. Зияғаладин Өтенов, шаруа қожалығының басшысы:

Жигули Дайрабаев фабрика қызметкерлерімен жолықты

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев пен оның партияластары Астанадағы шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Қарапайым заттар экономикасы жайында пікір алмасты. Сонымен қатар, елордадағы тігін фабрикаларының біріне барып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Бұл фабрикада 4 шеберхана жұмыс істейді. Олар трикотаж, шұлық, шеврон және әскери салаға қажетті заттар шығарады. Жигули Дайрабаев, президенттікке кандидат:

Нұрлан Әуесбаев Астана тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев елордалық сайлаушыларымен жүздесті. Сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, негізгі бағыттары туралы айтып берді. Жиында көпбалалы аналар опазициялық партия өкіліне бірқатар әлеуметтік проблеманың шешілмей жатқанын айтты. Мысалы баспана базынасы, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің нашарлығы, балабақша мен мектептің жетіспеушілігі бар. Ауыл шаруашылығының қазіргі жай-күйіне қатысты сауалдар да болды. Нұрлан Әуесбаевқа сайлауалды тұғырнамасы бойынша да сұрақтар қойылды. Нұрлан Әуесбаев, президенттікке кандидат:

Салтанат Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қостанайда құқық қорғаушылармен кездесті. Өңірге үгіт-насихат науқанымен барған ол саладағы қордаланған мәселелерді талқылады. Кездесуге адвокаттар, нотариустар мен заңгерлер барды. Жиында кандидат сайлауалды бағдарламасын таныстырып, сұрақтарға жауап берді. Адам құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді талқылап, пікір алмасты. Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:

Досжан Маратұлы