Депутат елімізде тауар бағасын төмендетуге қатысты ұсыныс айтты
Депутат елімізде тауар бағасын төмендетуге қатысты ұсыныс айтты
«Бірде-бір тауардың бағасы арзандаған жоқ. Сонымен қатар, соңғы 10 айда азық-түлік инфляциясы 23 пайыздан асты. Ұлттық банк пен Үкімет бағаны ұстап тұрудың екі қауқарсыз құралын, яғни базалық мөлшерлеме мен «айналым схемасын» үнемі айналшақтап жүреді. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтерді. Базалық мөлшерлеменің жоғарылауы несие бойынша пайыздық мөлшерлеменің автоматты түрде көтерілетінін және несие алу бизнес үшін қиындай түсетінін білдіреді. Соның салдарынан бюджетке қымбат несиелер жүктеледі», - деді А. Жамалов Үкімет басшысы Әлихан Смайловтың атына жолдаған сауалында. Сонымен қатар ол «айналым схемасына» тоқталды. «Айналым схемасы» бойынша қазірдің өзінде 86,1 млрд теңге жұмсалды және тағы 14,9 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейін, Мемлекет басшысы осы жылдың шілде айында «айналым схемасының» тиімділігіне күмән келтірген болатын. Бірақ ештеңе болмағандай айналым схемасы аясында жұмыстар жалғасып келеді. Біз ешқандай жаңа шешімдерді көрмедік. Ал Президенттің тапсырмасы іс жүзінде орындалмай жатыр. Бұл тұрғыда инфляцияны тежеу бағытында Ұлттық банк пен Үкімет бұрынғыдай әрекет етіп, бірақ жақсы нәтижеге үміттеніп отыр. Инфляциямен күрестегі басты мәселе – Ұлттық банк пен Үкімет арасында бірлескен, , келісілген саясаттың жоқтығы деп білемін. Әркім мәселені өз бетінше шешеді», - деді депутат. Осы орайда ол Қазақстандағы инфляцияға шетелден келетін өнімдер елеулі ықпал етіп отырғанын айтты. Еліміз азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім-кешек, тұрмыстық техника, құрылыс материалдарын, жиһаз және басқа да халық тұтынатын тауарларды үлкен көлемде импорттаймыз. Тек азық-түлік импорты 4 миллиард долларға жетеді. «Біріншіден, Ұлттық банк өзіміздің өндіріті және нақты секторды дамыту үшін инвестиция мен несие қажет екенін түпкілікті түсінуі керек. 16 пайыз деңгейінде ешкім несие алмайды. Бізге ақша ағынын отандық өндірісті дамытуға бағыттайтын тиісті ақша-несие саясаты керек. Әзірге ол тек банктер мен ірі депозит иелерінің пайдасына жұмыс істейді. Екіншіден, импорттық жеткізу саясатын қайта қарау қажет. ЕАЭО және Орталық Азия аясында импорттың жаңа тиімді нұсқаларын үнемі іздестіру керек. Президенттің дипломатиялық бастамаларының жетістіктеріне және оның халықаралық беделіне сүйене отырып, Қазақстанның географиялық артықшылығын толық пайдалану қажет», - деді депутат.