Тәуелсіздік – байлығым
Тәуелсіздік – байлығым
Ұлы елдің ұрпақтары ой бағады, Бірлік пен ынтымақ боп ойлағаны. Алаш рухын оятты еліміздің, Республика күнін тойлағаны. Ұрпақтың руханияты ұлықталып, Әнұранды шырқадық рухтанып. Ең басты байлығымыз қазақ елі, Тәуелсіздік екенін ұмытпалық. Жамандықтың есігі құлыпталып, Біз солай жақсылыққа жуықтадық. Әлемнің әр адамы жүрсе екен, Қазақ деген ұлт барын біліп-танып. Түркілік тарихы бар баяндайтын, Ұлтпыз біз ештеңеден аянбайтын. Абай мен Әл-Фараби салған жолға, Түскесін жөніміз жоқ баяулайтын. Көрсе де қорлық-зорлық, азап тіпті, Аңсаған талай жылдар азаттықты. Ақыры тәуелсіз ел атанды ғой, Қажырлы қашаннан да қазақ мықты. Ақындар арнау жазып, жырын үйіп, Жауының бірі жансын, бірі күйіп. Тәуелсіздік мәңгі боп, желбіресін, Жаңа Қазақстанның туы биік.
Әсем Құдиярбек, Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 2-курс студенті