Саясат

Мәжіліс спикері «жұмыс істемейтін депутаттар» туралы не деді?

Мәжіліс спикері «жұмыс істемейтін депутаттар» туралы не деді?

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Тілшілер Мәжіліс спикерінен белсенділік танытпайтын депутаттарға қатысты қандай шара қолданылатындығы туралы сұраған болатын. Соның ішінде  депутат Әлия Сапароваға қатысты жауап берді.

Айтуынша, депутаттар өз жұмыстарын жасап жүр. Әрқайсысының белсенділігі әртүрлі шығар, бірақ жұмыстарын жасап жатыр. Комитетте де жұмыстары бар. Олардың ең негізгі жұмыстары сол жерде, - деді Мәжіліс төрағасы. Бұған дейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында мәжілісмен Әлия Сапарова өзінің депутаттық қызметі кезеңінде бірде-бір рет депутаттық сауал жолдамады деген ақпарат таралған болатын. Еске сала кетейік, бұған дейін Ерлан Қошанов Президенттің атынан саяси дебатқа неге түсетінін түсіндірген болатын.