Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады
Сайлауалды теледебат өткізуге қанша қаржы жұмсалады
ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері теледебат өткізу үшін «Хабар» телеарнасына қанша қаражат бөлінетінін сұраған еді. «Хабар» телеарнасының өтінімі бойынша 63 млн теңге бөлінеді», - деп жауап берді Анастасия Щегорцова. «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов бұл қаражаттың қайда жұмсалатынын айтты. «Біріншіден, келісімшарт жасалсын, қаражат қазынаға түссін. Содан кейін айтамыз. Екіншіден, тікелей эфир кезіндегі байланысқа, декорацияға, студия жабдықтауға, жарыққа жұмсалады. Бұл бір рет қана болатын іс-шара болғандықтан арнайы студия жасалады. Қосымша адамдарды жұмысқа тартуға да қаржы жұмсалады. Енді телевидениенің технологиясын білетін адам ақшаның қайда жұмсалатынын біледі деп ойлаймын», - деді ол. Осы орайда Анастасия Щегорцова телеарнаның биылғы бюджетінде теледебат өткізуге қаражат қарастырылмағанын атап өтті. «Бұл қаражат Орталық сайлау комиссиясының шығындар сметасында қарастырылған. Заңға сәйкес, ОСК-нің дебат өткізуге мүмкіндігі бар», - деді ОСК мүшесі.