Жаңалықтар

Сайлау-2022: Кандидаттар арасындағы теледебат қай тілде өтеді

Сайлау-2022: Кандидаттар арасындағы теледебат қай тілде өтеді

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов президенттікке кандидаттар арасындағы телевизиялық пікірсайыс қанша уақытқа созылатынын айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Телевизиялық пікірсайыс «Хабар» телеарнасында өтеді. Ұзақтығы 80 минуттан кем болмайды. Кім қай тілде сөйлегісі келеді, қай тілде сұрақ қойғысы келеді, сол тілде өтеді. Мысалы, сайлаушылардың атынан да сұрақтар келіп түсуі мүмкін. Сұрақ қай тілде қойылса, сол тілде жауап береді», - деді ол ОСК отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында. Ал «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жиенқұлов телевизиялық пікірсайыс уақыты созылуы мүмкін екенін жоққа шығармады. «Теледебат кемінде 80 минут болады деп отырмыз. Ол кандидаттардың бағдарламасын таныстыруына, сұрақтарға жауап беруіне байланысты ұзарып кетуі де мүмкін. Сондықтан кандидаттарға қандай да бір шектеу болады деп ойламаймын», - деді ол. Сонымен қатар Дәулетхан Жиенқұлов агенттіктің электронды поштасына сайлаушылардан сұрақтар келіп түсіп жатқанын жеткізді. «Сұрақтар видеоформатта болады. Кез келген азамат өзі таңдаған кандидатқа сауалын жолдай алады. Кімнен келсе де, сұрақ қойылады. Сауалдың тікелей эфирде қойылуына регламент мүмкіндік бермейді», - деді телеарна өкілі.