Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов
Үміткердің қайсысы мықты екенін сайлау ғана анықтайды – Ерлан Қошанов
ҚР президентін сайлауда кандидаттардың қайсысының мықты екенін сайлау ғана анықтайды. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үміткердің қайсысының мықты немесе осал екенін сайлау ғана анықтайды, яғни халық оған бағасын береді. Алдағы сайлаудың тағдырын сайлаушылар шешеді», - Мәжіліс төрағасы палатаның отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында. Сонымен қатар Е. Қошанов 11 қарашада өтетін кандидаттар арасындағы теледебатқа Президенттің атынан неге қатысатынын түсіндірді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз өкілеттігін жалғастырып жатыр және жұмыс кестесі өте тығыз. Президент ретінде мемлекеттің бүкіл тағдырына, ішкі әрі сыртқы саясатына жауап береді. Сыртқы саясат пен ішкі мәселелер үгіт-насихат жүргізуін күтіп тұрмайды. Екіншіден, дебатқа штабтың атынан өзінің өкілінің қатысуы сайлау заңнамасына қайшы келмейді», - деді Мәжіліс төрағасы. Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында теледебатқа қатысатын кандидаттар тізімі бекітілді. Пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылды: Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдахалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Қошанов Ерлан Жақанұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы. ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қарашада өтетін сайлау алдындағы телевизиялық пікірталасқа неліктен қатыспайтынын түсіндірді. Фото: parlam.kz