Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады

Жамбыл облысында 74 елді мекен талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылады

Ағымдағы жылдың соңына дейін өңіріміздегі 163 елді мекен жоғары жылдамдықты (4G) мобильді интернетімен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.

Басқосуда цифрландыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайханов ауылдық елді мекендерді  «талшықты – оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасының» орындалуы туралы баяндады. Жол картасына сәйкес 74 елді мекендегі 183 мемлекеттік мекеме талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылатын болады.

Облыс әкімі елді мекендерді жоғары жылдамдық интернетпен және ұялы байлананыспен қамту жұмыстарын мүмкіндігінше жылдамдату қажеттігін баса айтты. Ауылдардағы мектептердің толығымен жоғары жылдамдықты интернетке қосылуының маңыздылығын да айрықша атап өтті. Жиында «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен серпіліс» Ұлттық жобасындағы 12 көрсеткіштің іске асу барысы да қаралды. Бүгінде 7 индикатор орындалса, 5 индикатор бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аймақ басшысы тиісті тұлғалардан жеке-жеке жауаптар алып, нақты міндеттер жүктеді.

zhambyl.gov.kz