Облыс әкімі ағаш көшеттерін күтіп ұстаудағы кемшіліктерді сынға алды
Облыс әкімі ағаш көшеттерін күтіп ұстаудағы кемшіліктерді сынға алды
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбар Әділбақов аталған жоспарға сәйкес, облыс аумағында 814,6 гектар жерге 970 мың түп ағаш көшетін отырғызу жоспарланғандығын жеткізді. Оның айтуынша, өткен 2021 жылдың қорытындысымен 166 гектар аумаққа 232,2 мың түп көшет отырғызылған. Бұл ретте кейбір аудандар жоспарды артығымен орындағанымен, Меркі, Талас, Шу аудандары бекітілген жоспарды толығымен орындай алмады. Жыл қорытындысымен облыс бойынша ағаштардың шығымдылығы 57,6 пайыз болса, ең төменгі шығымдылық (0%) көрсеткіші Шу ауданында тіркелді. Отырғызылған ағаштарды тек Сарысу ауданында ғана қоршау жұмыстары жүргізілсе, қалған аудандарда бұл жұмыстар орындалмаған. Ал, суару жүйесі аудандардың басым көпшілігінде арық арқылы жүргізілген. Сондай-ақ, жиында ағымдағы жылғы жоспардың орындалу барысы да назарға алынды.
Облыс әкімі көшеттердің өнуі көңіл көншітпейтінін алға тартып, күтіп ұстау жұмыстарының ойдағыдай еместігін сынға алды. Жоспарды орындай алмай отырған аудандардан жеке-жеке жауаптарын тыңдады.
Басқосу барысында тәлімбақтардың жұмысына қатысты жағдайлар да сараланды. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.