Жаңалықтар

Тоқаев неге дебатқа қатыспайды? - ОСК түсінік берді

Тоқаев неге дебатқа қатыспайды? - ОСК түсінік берді

Кезектен тыс президент сайлауына түсіп жатқан үміткерлер дебатқа қатысады. Алайда олардың арасында қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоқ деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Оның сөзін ОСК мүшесі Анастасия Щегорцова нақтылады. «Дебат кешкі сағат 20:00-де «Хабар» телеарнасында тікелей эфирден көрсетіледі», - деді ол. Оның айтуынша, дебат 4 раундтан тұрады.

Регламент жобасы сайлау алдындағы пікірсайысты өткізу қағидалары мен шарттарының талаптарына сәйкес келеді. Сайлау алындағы телевизиялық пікірсайыс пен пікірталасқа қатысу үшін кандитатураларды Қазақстан президенттігіне үміткерлердің сайлау штабтары ұсынды. Алынған мәлімет негізінде телевизиялық пікірсайысқа қатысушылардың келесі құрамы ұсынылады: 1. Әбден Қарақат Жақсылыққызы; 2. Әуесбай Нұрлан Сатыбалдыұлы; 3. Дайрабай Жигули Молдахалықұлы; 4. Қажыкен Мейрам Зекешұлы; 5. Қошанов Ерлан Жақанұлы; 6. Тұрсынбекова Салтанат Фархадқызы», - деді Анастасия Щегорцова. Сондай-ақ ол қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге дебатқа қатыспайтынын түсіндірді.

Еске сала кетсек, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.