Ауыл шаруашылығы

ТОПЫРАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ТОПЫРАҚТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Топырақтың құнарлылығының төмендеуі, сапасының нашарлауы – қазіргі таңда егіншілік саласындағы маңызды мәселе. 

Топырақты зерттеу барысында алынған материалдар жер кадастрын, жер мониторингін жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға, жерге орналастыру жобаларын жасау, шаруа қожалықтарды паспорттау, табиғи мал азықтық алқаптардың жəне жердің жай-күйін сапалық бағалау, жерге төленетін құнның мөлшерін, жерге төленетін салық пен жалға беру құнын анықтау үшін негіз болып саналады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалының жерді іздестіру, мониторингілеу жəне зертханалық зерттеу басқармасы ағымдағы жылы «Жер ресурстары туралы ақпараттардың қолжетімділігін арттыру» бюджеттік бағдарламасының «Мемлекеттік жер кадастрының мəліметтерін қалыптастыру» кіші бағдарламасы аясында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жер қатынастары саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру жоспары бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен облысымыздың Қордай, Меркі аудандарында жалпы көлемі 400 мың гектар жерге топырақ зерттеу жұмыстары жүргізіліп, топырақ түрлері анықталуда. Сонымен қатар Қордай ауданында көлемі 350 мың гектар жердің бонитет балдарын анықтау жұмыстары қолға алынған. Топырақ іздестіру жұмыстары жыл соңына дейін толық аяқталып, құжаттар облыстық жер қатынастары басқармасына алдағы уақытта қолданысқа беріледі.

Дәулет ДАРХАН, жерді іздестіру, мониторингілеу және зертханалық зерттеу басқармасының басшысы