Қоғам

Жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салу керек - Тоқаев

Жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салу керек - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жасөспірімдерге энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салуды қарастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрғындарымен кездесуде айтты.

Сондай-ақ, ол бүкіл қоғам есірткіге қарсы ымырасыз күресу керектігін баса айтты.

Президент уәкілетті органдарға бақылауды күшейту керектігін атап өтті.