Қазақстанда қалғысы келетін шетелдіктер үшін бейімдеу орталықтары ашыла ма
Қазақстанда қалғысы келетін шетелдіктер үшін бейімдеу орталықтары ашыла ма
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда қалғысы келетін азаматтар үшін бейімдеу орталықтарын ашуға қатысты сауалына жауап берді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаттарының сауалында келушілердің Қазақстанда қалуға ниет білдірген азаматтары үшін қалалар мен елді мекендерде бейімдеу орталықтарын ашу ұсынылған. Депутаттардың пайымынша, бұл орталықтарда оларға Қазақстан тарихымен, мәдениеті мен тұрмыс-салтымен, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен таныстыру қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын түсіндіріп, құқықтық кеңес беру керек. Сонымен қатар қазақ тілі курстарын ашып, әрбір көшіп келген шетел азаматын бейімдеу орталығынан өтуді міндеттеген жөн.