Спорт

Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды

Ауыр нокаутқа түскен Ербосынұлының жағдайы туралы айтылды

Boxeoplus басылымы қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) WBA тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жекте ауыр жеңіліске ұшырағанын, қазір комада жатқанын жазды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Суперорта салмақта WBA World белбеуі үшін 12 раундты айқас АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтті. Моррел алдымен Айдосты есеңгіретті де, 12-раундта ауыр нокаутқа түсірді.

Танымал инсайдер Дэн Рафаэль медициналық мекеме жағдайға түсініктеме беруден бас тартқанын, бірақ алынған ақпаратпен бөлісетінін мәлімдеді.