ОБЛЫСТА 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАҢҒЫБАС ИТ БАР
ОБЛЫСТА 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚАҢҒЫБАС ИТ БАР
– Жануарларды аулау жəне жануарлар ауруларының алдын алу, адам мен жануарларды ортақ аурулардан қорғау, қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу мақсатында біршама жұмыстар атқарылуда. Егер қараусыз қалған иттер адаммен басқа да жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін болса немесе құтыру белгілері болған жағдайда олар арнайы құралдармен яғни ұйықтату əдісімен ауланады. Оларды арнайы уақытша ұстау орындарына апарамыз. Ал Сарысу, Талас, Мойынқұм ауданында уақытша ұстау орындары жолға қойылған. Мойынқұм ауданындағы иесіз жануарларды уақытша ұстау орнының құрылысы аяқталды. Тараз қаласы əкімдігі уақытша ұстау орнының құрылысына қаражат бөліп, бүгінгі таңда мердігерлер анықталуда. Қалған аудандарда жер телімдері бөл інген . Қаржыл анд ыру жұмыстары жүргізілуде. Яғни биылғы жылдың аяғына дейін қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орындарының құрылысы толығымен аяқталады. Жалпы, иелерінің бос жіберіп қоюынан қаңғыбас иттер көбеюде. Сондықтан да бүгінгі таңда адамдардың зиян шегуі де азаяр емес, – дейді облыс əкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Нұржанұлы. Жыл басынан бері облыс аумағында 2172 адам қаңғыбас иттерден зардап шеккен. Оның ішінде 1001 адам кəмелетке толмағандар екен. Баспасөз мəслихатында өзіміз де көкейде жүрген сұрақтарымызды қойып, ұсыныстарымызды айттық. Саябақтарда итін тұмылдырықсыз серуендетіп жүретіндердің көп екенін тілге тиек етіп, оған қандай шара қолдануға болатынын сұрадық. Екіншіден «абайсызда серуендеп жүрген иттердің бірі адамға шабуыл жасаған жағдайда кім жауапкершілікке тартылады?» деген сұрағымызға Нұржас Нұржанұлы анықтап жауап берді. – Иттерді көп адамдар жүретін жерлерде тұмылдырықсыз серуендетуге, он алты жасқа толмаған адамдар мен масайған адамдарға ит ертіп жүруге тыйым салынған. Әрі иттің иелері түрлі жұқпалы ауруларға байланысты өз иеліндегі иттерге уағында вакцина салдырып отыруы тиіс. Сондай-ақ иттерді тек өздеріне арналған орындарда ғана серуендетуге рұқсат. Ал иттер шабуылдаған жағдайда оны ұрып өлтіріп алса онда иесіне де, өлтірген адамға да заңға сай шара қолданылады, – деп жауап берді Нұржас Құрмантаев. Жалпы облыста 89 мыңнан астам ит, 6500-ден астам мысық тіркелген. Ал қаңғыбас иттердің саны 30 мыңға жуық екен.
Шапағат ӘБДІР