Қазақ Адай жылқысын асыл тұқымды мал ретінде тану керек - Президент
Қазақ Адай жылқысын асыл тұқымды мал ретінде тану керек - Президент
Маңғыстаудың табиғаты түйе өсіруге өте қолайлы екені белгілі. Қазір облыста 90 мыңға жуық түйе бар. Бұл деректі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.«Түйе өнімдеріне бүкіл елімізде сұраныс өте жоғары. Одан алынатын шикізатты терең өңдеу жұмысын қолға алу қажет. Бұл өнімнің түрін көбейтеді әрі оның бағасына оң ықпал етеді. Үкіметке түйе шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік шараларды күшейту мәселесін пысықтауды тапсырамын. Бұл салаға субсидия беру жолдарын да қарастыру керек», - деді Мемлекет басшысы.