Жаңалықтар

Сайлау-2022: Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Сайлау-2022: Кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Сайлауға 16 күн қалды.  Ел президенттігіне кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті. Қазір жер-жердегі штаб өкілдері сайлаушылармен кездесіп, кандидаттар да ел аралап жүр. Қасым-Жомарт Тоқаев штабының мүшелері – Жамбылда Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб мүшелері Жамбыл өңіріндегі жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті. Үміткердің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды, негізгі бағыттарын талқылады. Жиынға қатысқандар қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Бұдан соң халықтық коалиция мүшелері этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. Жалпы өңірде осындай 75 бірлестік бар. Штаб басшысы ұлтаралық татулықты сақтау үшін олардың маңызы ерекше екенін айтты. Ерлан Қошанов, республикалық қоғамдық штабтың басшысы: Мейрам Қажыкен Өскемендік сайлаушылармен кездесті

Ел президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Өскемендегі сүт өндіру зауытын аралап, жұмысшыларға өзінің сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Жиында қызметкерлер тарапынан салаға қатысты сауалдар да қойылды. Сондай-ақ үміткер жергілікті нан зауыты ұжымымен де кездесті. Мұндағы мамандар цехтың жұмысы туралы баяндап, дәм тату үшін жаңа піскен нан ұсынды. Әрі қарай кандидаттың бағдарламасы талқыланды. Өскемендегі сапар соңында Мейрам Зекешұлы қазақтың үш биінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті. Мейрам Қажыкен, Президенттікке кандидат:

Қарақат Әбден штаб мүшелерімен кеңес өткізді

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің республикалық штаб жұмысы қыза түсті. Бүгін үміткер кезекті кеңес өткізіп, аймақтарда атқарылған жұмыстарды пысықтады. Сайлаушылар тарапынан түскен ұсыныс-пікірлер сараланды. Қарақат Әбден бұған дейін еліміздің алты аймағында болып, тұрғындарымен жүздесті. Оның ішінде көпбалалы аналар, іскер әйелдер, медицина және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметкерлері бар. Алдағы уақытта Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарының сайлаушыларымен кездесу жоспарланған. Арман Оразғұлов, кандидаттың республикалық штаб жетекшісі:

Жигули Дайрабаев сайлаушылармен қоғамдық көлікте жүздесті

Президенттікке «Ауыл» партиясы атынан ұсынылған кандидат Жигули Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары Алматы облысында жалғасты. Кандидат пен оның партияластары қоғамдық көлікке мініп, жолаушылармен әңгімелесті. Тұрғындар Талғар ауданына қатынайтын автобустың іргедегі Нұра ауылына соқпай кететініне шағымданды. Осыған байланысты жергілікті жұртшылық елді мекенге жету үшін шамамен 4 шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Сондай-ақ Саяси бірлестік өкілдері Нұра аулындағы мектеп пен аурухана жағдайымен танысты. Халықпен кездесті. Анас Баққожаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары:

Нұрлан Әуесбаев штаб жұмысымен танысты

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев бүгін республикалық сайлауалды штабында болды. Үгіт-насихат жұмыстарымен танысып, атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Кездесулерде көтерілген проблемаларды саралады. Әрі өңір-өңірдегі сайлаушылардан түсіп жатқан қоңыраулар мен хаттар көп. Барлығы дерлік сайлауалды бағдарламасына қатысты сауалдар мен ұсыныстар. Штаб өкілдері олардың әрқайсын мұқият зерделеп, тиісті жауаптарын беріп жатқанын айтты. Мақсұт Насибулов, Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:

Салтанат Тұрсынбекова меншікті қорғау жайлы кеңес берді

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанын Алматы қаласында жалғастырып жатыр. Бүгін ол жергілікті зиялы қауым өкілдерімен және өнер адамдарымен кездесті. Жиында кандидаттың сайлауалды бағдарламасы талқыланып, үміткер түрлі сұрақтарға жауап берді. Бұдан бөлек, кездесуде зияткерлік меншік мәселесі талқыланды. Салтанат Тұрсынбекованың айтуынша, қазір ең тиімді нәтижені білім экономикасы береді. Олар: жаңа технологиялар мен ноу-хаулар. Салтанат Тұрсынбекова, Президенттікке кандидат: