Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл ауданындағы 3 ауылда полиция пункті ашылды

Жамбыл ауданындағы 3 ауылда полиция пункті ашылды

Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерлерінің еңбегі зор.

Аймақ басшысы Нұржан Молдиярұлының әр ауылдық округтің әкімі, мектеп директоры, учаскелік полиция инспекторы өзі жетекшілік ететін яғни басқаратын елді мекенде тұрақтау қажеттігі жөнінде жүктеген тапсырамасына сәйкес, Жамбыл ауданында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 3 ауылда тәртіп сақшысына арналған тұрғын үй қолданысқа берілді. Солардың бірі - Айшабибі елді мекені. Бас мердігері - «B-grass» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген пунктінің құны 27 млн 742 мың теңгені құрайды.  width= Полиция пунктінің ашылуына Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Удергенов Бауыржан Арынұлына және аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен құқық қорғау саласының ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ бұдан бөлек Бірлесу-Еңбек пен Аса ауылында учаскелік полиция инспекторына полиция пункті берілді  width=     width= Бүгінде полиция болмысы қазақ ұлттық полициясына айналып, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтауда қалтқысыз қызмет атқаруда. Полиция – екінің бірі қол жеткізе бермейтін таңдаулы мамандық. Сондықтан, құқық қорғау қызметкерлерінің қызметі жүйелі болуы үшін оның әлеуметтік қорғалуы да басты назарда болып отыр.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі