Жаңалықтар

Алматылық әйел 80 мың долларға жуық ақшасын интернет-алаяқтарға аударып жіберген

Алматылық әйел 80 мың долларға жуық ақшасын интернет-алаяқтарға аударып жіберген

Алматылық әйел 80 мың АҚШ долларын интернет-алаяқтарға аударып жіберген, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 55 жастағы әйел бір апта интернет-алаяқтардың талабын орындап келген. Ол олардың өзінің жинаған ақшасын қорғауға тырысып жатқанына сенімді болған.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу-жедел тобы құрылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласының прокуратурасы осыған ұқсас эпизодтарды болдырмау үшін азаматтарды сақтық пен қырағылыққа шақырады.