Жаңалықтар

500-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

500-ден астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

Ертіс өңірінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық жұмыстарына 542 сайлау учаскесі жұмылдырыған, деп хабарлайды Павлодар облысындағы BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Аманжолованың айтуынша, сайлау учаскелерінің 138-і Павлодар қаласында, 65-і Екібастұз қаласында, 40-ы – Ақсу қаласында және 285-і аудандарда орналасқан.

Қазіргі уақытта облыс аумағында дауыс берушілердің тізімдерін тексеру бойынша онлайн сервистер жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар өңірдегі 109 бірыңғай байланыс орталығының базасында тәулік бойы жұмыс істейтін Call-орталық іске қосылды. Ал телеграмм-бот арқылы әр сайлаушы тіркелген учаскесі туралы ақпарат ала алады. Сайлау учаскелері мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге кедергі келтірмейтін болады. Әр нысанда тактильді жолақтар, пандустар және өзге де құралдар қарастырылған.