Прокуратура сайлау науқанында мемлекет атынан заңдылықтың сақталуын қадағалайды
Прокуратура сайлау науқанында мемлекет атынан заңдылықтың сақталуын қадағалайды
Бұл функциялардың орындалуын прокуратура органдары сайлау процесінде де қамтамасыз етеді. Президенттің кезектен тыс сайлауы өткізілетіндігі туралы жарияланған сәттен бастап Бас прокуратура сайлау науқанының барлық кезеңдеріне қатысты әрбір деңгейдегі прокурорлар үшін негізгі міндеттер мен ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындады. 2022 жылғы 21 қазаннан (сағат 18:00-ден бастап) ең белсенді кезең – сайлау алдындағы үгіт басталады (ағымдағы жылғы 19 қарашада сағат 00:00-де аяқталады). Оны өткізу тәртібі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңмен егжей-тегжейлі реттелген. Белгіленген нормаларды сақтамау жауапкершілікке әкеп соғады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте сайлау алдындағы үгіттің тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін 9 бап көзделген. Бұл келесі құрамдар:
- сайлау алдындағы үгiтті оған тыйым салынған кезеңде жүргiзу (102 – бап-15-тен 35 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл);
- сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығына кедергі келтіру (103-бап – 20-дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл);
- БАҚ арқылы сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (112 – бап – 2 -дан 50 айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі айыппұл).
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт жүргізу шарттары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңның 27-бабында (7-тармағы) белгіленген. Анықтама үшін: үгіт жүргізу шарттарының бұзылуына мыналар жатады:
- сайлау науқанының бұқаралық ақпарат құралдарын біржақты жариялау, яғни сайлау алдындағы іс-шаралардың мақсаттарын, міндеттері мен нәтижелерін, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар мен фактілерді бұрмалау;
- кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдарын БАҚ-та жариялау, сондай-ақ теріске шығаруды тегін жариялау мүмкіндігін беруден бас тарту;
- кандидаттардың БАҚ-та сөйлеп жатқан сөздерiн бөлу және сөйлеген сөздерiнен кейін iле-шала оларға түсініктеме жасау;
- егер басқаларға келісім берілген жағдайда, бұқаралық ақпарат құралдарының кандидаттардың біріне эфир уақытын, баспа алаңын бөлуден бас тартуы.
Осы шарттарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, үгіт жүргізу кезеңінде болуы мүмкін әкімшілік құқық бұзушылықтардың басқа да құрамдарын атап өткім келеді:
-
- үгіт материалдарын қасақана жою, бүлдіру (114-бап – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл);
- сайлауға байланысты қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргiзу шарттарын бұзу (120-бап – 10-нан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл);анонимдік үгiттеу материалдарын дайындау немесе тарату («ҚР сайлау туралы» ҚК 28-бабының 5-тармағына сәйкес барлық үгіт-насихат баспа материалдарында осы материалдарды
- шығарған ұйым, олардың басып шығару орны мен таралымы, тапсырысты жасаған тұлғалар, қандай қаражаттан төленгені туралы мәліметтер болуы тиіс) ӘҚБтК-нің 113-бабы (25 айлық есептік көрсеткіш) бойынша әкімшілік айыппұл салуға әкеп соғады:
- сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарын бұзу (122-бап – 20-дан 30 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл);
-
- мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарына, әскери қызметшілеріне, Ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, судьяларға, сайлау комиссияларының мүшелеріне, діни бірлестіктерге;
- кандидаттар немесе олардың сенім білдірілген адамдары тіркеген журналистердің, БАҚ редакцияларының лауазымды адамдарының сайлауды БАҚ арқылы жариялауға қатысуы.
- үгіт материалдарын орналастыру (ескерткіштерде, обелисктерде, тарихи, мәдени немесе сәулеттік құндылығы бар ғимараттар мен құрылыстарда, сондай-ақ дауыс беруге арналған үй-жайларда, 124-бап – 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл);сайлау алдындағы үгіт жүргізуге республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты жұмсау тәртібін бұзу (125-бап – 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл).