Жаңалықтар

Президент сайлауында дауыс беруге арналған 12 миллионнан астам бюллетень әзірленеді

Президент сайлауында дауыс беруге арналған 12 миллионнан астам бюллетень әзірленеді

Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президент сайлауында қолдану үшін 12 миллионнан астам бюллетень жасалатынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ОСК мәліметінше, "Сайлау туралы" конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады. Демек, 1 пайыз резервпен сайлауға 12 млн 69 мың 990 бюллетень әзірленіп, жасалады. Заң талаптарына сәйкес, сайлау бюллетендері сақталатын ғимарат толықтай мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады.

Сондай-ақ "ҚР Сайлау туралы" конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліппе ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және "Бәріне қарсымын" деген жол енгізілген. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді.