Жаңалықтар

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті

АрселорМиттал Теміртау кенішінде қаза болғандардың саны 5 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы ақпарат бойынша АрселорМиттал Теміртау кенішінде қайтыс болғандардың саны 5 адамға жетті. Тағы бір адамның денесі табылды» делінген хабарламада. Бесінші кеншінің денесі апаттық-құтқару жұмыстары кезінде таңғы сағат 09:09-да табылғаны белгілі болды. Ол жайлы облыс әкімдігі хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде шахтада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің Ленин шахтасында апат болып, 4 кенші қаза тапты. ТЖ фактісі бойынша ҚР ҚК 277-бабының 3-бөлігі («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.