«ART SPORT» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСА МА?
«ART SPORT» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСА МА?
Алғашында жоба аясында қызмет көрсететін мекеме, жаттықтырушы, тіпті спорт түрі де аз болғанымен, алайда сұраныс артқан соң ұсыныс та көбейді. Бұл әсіресе көпбалалы отбасылар үшін қуанышты жаңалық еді. Өйткені қаржының тапшылығынан қосымшаға бара алмай жүргендер жаппай сайтқа тіркеліп, өздеріне ұнаған, көңілдері қалаған үйірмелерге таңдау жасағысы келді. Дегенмен жарты жылда аталмыш бағдарламаны қаржыл анд ыру бойынша мәселелер туындап, әкімдіктер бөл інген қаражаттың түбі көрінгенін алға тартқаны жасырын емес. Қызмет көрсетушілер мен жаттықтырушылар алдында берешек пайда болды. Бұл жоба қазіргі таңда облыста қалай жүзеге асып жатыр, аталған мәселелер қалай шешімін табуда? Біз мұны облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы Ғал ия Абылайдан сұрап білген едік. Баспасөз хатшысы өңірде аталған бағдарламаның арқасында сәтті жұмыс істеп тұрған үйірмелер жетерлік екенін айтады. – 2021 жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік шығармашылық тапсырыс арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесі іске қосылды. Осы бағдарламаға сәйкес облыстық бюджеттен 2021 жылға 2050 балаға 205 миллион теңге бөлініп, (7 ай) игерілгені 135 миллион теңгені құрады. Алайда жыл соңында белсендірілген ваучерлер санының күрт өсуіне байланысты бала саны 8 622-ге дейін артып, қаржы тапшылығы туындаған. Осыған орай былтыр 22 желтоқсанынан бастап мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бойынша 4-17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді тіркеп, ваучер беру уақытша тоқтатылған. 2021 жылдың соңына дейін 920 өтінім берілсе, оның 239-ы мақұлданып (48 өнім беруші бойынша), шығармашылық үйірменің 38 түрінен 6 461 балаға 8 622 ваучер берілді. 2022 жылы облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлініп, желтоқсан, қаңтар, ақпан айларының қаржысы төленді және қосымша 264 миллион теңге қаржы қаралып, наурыз, сәуір, мамыр айларының қарыздары өтелді. Бүгінге маусым, шілде тамыз және қыркүйек айларына 256 миллион теңге қаржы берешек сомасы қалыптасып тұр. Бұл қарыздарды жабу үшін бюджет комиссиясының нақтылауына бюджеттік өтінім ұсынылды. Жергілікті бюджеттің тапшылығынан осы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік шығармашылық тапсырысты қаржыландыруды тоқтату салдарынан бала саны біртіндеп азайды. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің алтауы өз қызметін тоқтатты. Бүгінгі күнге ваучер саны – 5 935, – дейді Ғалия Абылай. Ал спорт бойынша облыста 69 спорттық үйірме ашылып отыр. Барлығы 34 кәсіпкер «Art Sport» жобасы бойынша шығармашылық үйірме жұмысын жүргізуде. Оған 4-17 жас аралығындағы 5 295 бала қатысады. Облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу және спорттық инфрақұрылымдарды дамыту бөлімінің басшысы Ернұр Кәрібаевтың айтуынша, биыл мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыруға 521 миллион теңге бөлінген. – 2021 жылы облыстық бюджеттен мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысқа 278,1 миллион теңге бағытталды. Мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру нақты тамыз айынан басталды. Өткен жылдың қазан-қараша айларында белсендірілген ваучерлердің, яғни бала санының күрт өсуіне байланысты осы мақсатқа бөлінген қаржы тапшылығы туындаған. Биыл мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырысқа 985,1 миллион теңге, оның ішінде спорттық тапсырысқа – 521 миллион, шығармашылық тапсырысқа 464,1 миллион теңге бөлінді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 76 өнім беруші (спорттық тапсырыс – 34, шығармашылық тапсырыс – 42) қызмет көрсетеді. Белсендірілген ваучер саны – 12 903 (спорттық тапсырыс – 6 604 бала, шығармашылық тапсырыс – 6 299 бала). Спорттық және шығармашылық тапсырыс аясында нақты 10 188 бала (спорттық тапсырыс – 5 295 бала, шығармашылық тапсырыс – 4 893 бала) түрлі үйірмелер мен секцияларға қатысуда. Үйірмелер мен секциялар саны – 286. Жыл соңына дейін қажетті сома – 1006,2 миллион теңге. Алайда қазіргі уақытта жаңа өтінімдер қабылданып жатқан жоқ, – деген Ернұр Бергенұлы жоба жалғасын табатынын алға тартты. Жобаны үйлестіруші қос басқарманың берген ақпаратын салыстырып қарап, көрсетілген цифрлардан едәуір айырмашылықтың бар екенін байқадық. Және жобаға деп бөлінген азын-аулақ ақшаның тез таусылып қалуына байланысты жобаның уақытша (мүмкін біржолата) тоқтау себебі балалардың ваучер алып үлгере алмауынан туындаған сыңайлы.
Айжан ӨЗБЕКОВА