Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі - министр
Балабақша тәрбиешілерінің жүктемесі азайып, жалақысы өседі - министр
«Балабақшалардың сапасына тоқталсақ, 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады, мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға орналастыру жұмыстары жалғасады. Мемлекет басшысынаң тапсырмасына сәйкес, тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақысы өседі», - деді А. Аймағамбетов. Осы орайда ол тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылатынын айтты. «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді іс-шаралар қарастырылды», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Балабақшаларда балаларды ерте дамытудың жаңа моделі енгізіліп жатыр. Осы орайда ондағы бағдарлама да, оқыту әдістері да түбегейлі өзгереді. Фото: t.me/KZgovernment