Білім

Университеттер смарт университет үлгісіне көшеді - министр

Университеттер смарт университет үлгісіне көшеді - министр

Қазақстандық университеттер smart-университет үлгісіне көшуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде министр ведомствоның ұзақ мерзімді перспективаға бағытталған ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. Осылайша, оқытудың жаңа түрі - онлайн оқыту енгізілді.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жоғары білімнің цифрлық трансформация стратегиясын үйлестіру мақсатында әрбір ЖОО-да цифрлық офицер (CDO) лауазымын енгізу жұмыстары жалғасады.