Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады
Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады
», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі отырыста. «ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген. Осылайша, бюллетенде Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және «Бәріне қарсымын» бағанасы бар. «Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады. Заң талаптарына сәйкес, сайлау бюллетендері сақталатын ғимарат толық мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады. Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар. Осылайша, 1 пайыз резервпен сайлауға 12 млн 69 мың 990 бюллетень жасалады.