Жаңалықтар

Бейтаныс жасөспірімге бәліш сатып алып берген елордалық 122 мың теңгесінен айырылды

Бейтаныс жасөспірімге бәліш сатып алып берген елордалық 122 мың теңгесінен айырылды

Астанада ер адам бейтаныс жасөспірімге алданды, - деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

14 жастағы жасөспірім кешке көшеде бейтаныс адамға жақындап, одан бәліш сатып алып беруін өтінген. Бәлішті сатып алу кезінде жеткіншек ер адамның банк қосымшасына кіру паролін көріп алады. Кейін танысыма хабарласып алайын деген желеумен ер адамның телефонын сұрап алып, досына 122 мың теңге аударған. Астана ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ақшаны аударған соң ол телефонды иесіне қайтарып берген. Ер адам ақшаның жоғалғанын келесі күні ғана біліп, полицияға хабарласқан.

Жасөспірім өзінің кінәсін мойындады. Ювеналды полиция қызметкерлері оны ерекше бақылауға алды.