Әлемде

Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Қырғызстанда 19 қыркүйек Ұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Тәжікстанмен арадағы шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде болған қарулы қақтығыстың кісі өліміне әкеліп соғуына байланысты Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров осы сипаттағы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық аза тұту күні елдің бүкіл аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары төменге түсіріледі; мәдени ошақтар мен теле-радиокомпанияларға ойын-сауық іс-шаралары мен бағдарламаларын ұйымдастырып, таратуға тыйым салынады. Қырғыз Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан 36 азамат қаза тапқан. 17 қыркүйек Қырғызстанның Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілді.