Жаңалықтар

Мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қандай жағдай жасалынады?

Мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қандай жағдай жасалынады?

ОСК жанындағы мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы болып өтті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, біздің жұмыс тобы 11 өңірден жиылған адамдардан тұрады және олар мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жасап отырған адамдар деді.

Сондай-ақ Анастасия Геннадьевна мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтары толық қарастырылу керек екенән айтты.

Сондай-ақ отырыс барысында сайлау учаскелері пандустар мен арнайв трафареттермен қамтамасыз етілетіні айтылды. Және дәл осы мәселеде қаражат үнемделмеу керек дейді төраға.

Аталмыш мәселелер ОСК және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақ саңыраулар қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі көмегімен жүзеге асырылатын болады.