Жаңалықтар

Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Сайлау-2022. Қытайда 3 сайлау учаскесі жұмыс істейді

20 қараша күні Қытай аумағында сайлау учаскелері Бейжің және Шанхай қалаларында, сондай-ақ Сянган Арнайы әкімшілік ауданында іске қосылады. Бұл туралы Бейжіңдегі Қазақстан елшілігінде өткен баспасөз конференциясында белгілі болды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев баспасөз жиынында сайлау науқанына қатысты ақпаратты бөлісті. Дипломат атап өткендей, 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Жаңа өзгерістерге сәйкес Қазақстан президенті енді тек бір рет 7 жылдық мерзімге сайланатын болады және одан кейін қайта сайлана алмайды.

Айта кетейік, Президент сайлауына қатысатын кандидаттарға насихаттау науқаны 19 қарашаға дейін өткізіледі.

Сонымен қатар Қазақстанның Қытайдағы елшісі алдағы сайлау науқанының мәні айрықша екенін айтады.