Жаңалықтар

Қауырсын-қалам

Қауырсын-қалам

Қалдырған ізің мәңгілік…

Сырыңды ұғып алар көңілдегі, Мәз-мейрам жаздай шіркін көңілдері. Өмірдің өзі де ұстаз, десе дағы, Ұстаздың орны бөлек өмірдегі. Оңайлықпен бәріне көнбейтұғын, Ақыл айтса нұрланып сөйлейтұғын. Тіршілікте өшпейтін жалғыз шырақ, Ол – ұстаздың есімі сөнбейтұғын. Шәкірт үшін ортада күйеді мұң, Санаңа сансыз ақыл түйеді мың. Ғасырлар өтсе дағы сырғуменен, Ал ұстаз – өлмейтұғын киелі ұғым. Ұстазсыз қоғам міні оңалмайды, Білімді ел, білікті ел саналмайды. Замандар, ғасырлар да бас иеді, Өйткені ұстаз деген жоғалмайды. Ұстазсыз айналар ел мәңгүдікке, Жоғалар тәрбие де, мәнділікте. Жалғайтын білімді елдің ұрпақтарын, Жасасын ұстаз аты мәңгілікке. Намыс найзағайы (Бауыржан Момышұлына арнау) Қауқар кетті, қадір кетті кәріден, Намыста аз жастарыңда әліден. Отқа оранған отты жылдың сәттерін, Отты жырмен айту қиын бәрінен. Тағдыр дерсің тауқыметте тоғысқан, Алапатта елім деумен оқ ұшқан. Батыр Баукем қадіріңе мың тағзым, Жылдар үшін берік тұрып, соғысқан. Сөздеріңде қайраттылық жиі ұқтық, Қайсарлық бар қайталанбас тұйықтық. Батырлығың жанқиярлық бір төбе, Адамдығың шың бермейтін биіктік. Сөзің семсер санасызға шолтаңдар, Үлгі тұтса сені кейбір қорқаулар. Өнегеңді өлең ету ғанибет, Өміріңе аздық етер том-томдар. Өткіздің ғой басыңнан көп отты күн, Сендей тұлға аз ба бәлкім, жоқ бүгін. Мың ғасырда бір туатын Бауыржан. Әттең, қиын бүгін сенің жоқтығың!

Нұртай НҰРЫМ, №4 Тілеміс батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы, Меркі ауданы