«Батырын қалмақтардың жер қаптырған»
«Батырын қалмақтардың жер қаптырған»
Бірақ соның артынша-ақ қалмақтар Шу, Талас бойына, Қаратау өңіріне басып кіреді. Оларға қарсы Сеңкібай батыр бастаған «Төбет батыр» атанған Әйтімбетұлы Қанай, Абызұлы Тағай, ожырай Шешенбай, Тулақ, Байтығай ұлдары Санбай, Кенкібай, Шелекұлы Оразәлі батырлар өз аталарынан қол жинап, қалмаққа қарсы тұрады. Осы ұрыста Шешенбай, Тулақ Санбай, Тағай батырлар ерлікпен қаза болады. Олар туралы Оразәлі батырдың әкесі, соғысқа қатысқан Шүлкеман жырау жырында мынадай үзінді бар: Көкжоны Көсегенің кең, шұрайлы, Сыйлаған ерен батыр Сеңкібайды. Батырын қалмақтардың жер қаптырған. Қарап-ақ жекпе-жекте немқұрайды. Ел үшін өлмек батыр, тумақ батыр, Қапыда аттан түсті Тулақ батыр... Қазақтың көкке малған қылышынан, Көп қалмақ жер жастанды, шулады ақыр. Шешенбай ән мен жырға шалқар еді, Құмары жауға шапса тарқар еді. Бірі ұшып, бірі жайрап қалың қалмақ, Сазайын қан майданда тартар еді. Кенжебай Байтығайдың кенжесі еді, Маңайдан табылмаған теңдес бегі, Айбыны арыстандай батыр болды, Майданда сау қайтпаған белдескені...
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты қорынан