Сайлауға ТМД елдерінен 100 ден аса бақылаушы келеді
Сайлауға ТМД елдерінен 100 ден аса бақылаушы келеді
Бұл туралы бүгін орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары Ильхом Нематов мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Ол 27 қазаннан бастап ТМД байқаушылары сайлау науқанын бақылауға кіріскенін айтты.
Сөзінше қалған бақылаушылар сайлау күні келіп қысқа мерзімді бақылау жүргізбек. Орталық сайлау комиссиясы бүгінде 23 бақылаушыны аккредитациялады. Сондай-ақ, ол халықаралық бақылаушылар ел заңдары мен барлық халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайтынын баса айтты. Штаб сайлау заңнамасына құқықтық баға берумен айналысатын болады.
Сонымен қатар төрағаның сөзінше аталған миссия құрамына ТМД-нің барлық елінің өкілі, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының, Ресей-Беларусь одақтас мемлекетінің Парламенттік Ассамблеясының өкілдері, Астанада аккредиттелген дипломаттар және ТМД Атқарушы комитетінің қызметкерлері кіреді. Ал Тәуелсіз мемлекеттер достастығының миссиясы 21 қарашада қорытындыланады.