Астана атауы болашақта тағы өзгеруі мүмкін бе?
Астана атауы болашақта тағы өзгеруі мүмкін бе?
Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ ведомство басшысы елорда атауының қанша мерзімді алатынына тоқталды.
Еске сала кетейік, бұған дейін бүгін өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттары ел астанасының атауын өзгертуді қолдап дауыс берген болатын. Республикамыздың елордасы атауын Астана деп өзгерту мәселесі «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасында қамтылған болатын. Астана атауын өзгерту туралы бастаманы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобы ұсынды. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысын Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бір ауыздан қолдады.