TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылады
TikTok қосымшасы қазақ тіліне аударылады
TikTok әлеуметтік желісі Астана мен Алматыда кеңселерін ашады. Бұл туралы Шығыс Еуропадағы TikTok Global Business Solutions директоры және TikTok Kazakhstan компаниясының болашақ басшысы Анастасия Панина айтты, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Сонымен бірге А. Панина қосымшаның қазақ тіліне аударылатынын растады және TikTok-ты білім беру мақсатында креативті пайдалану мысалдарын келтірді.
Айта кетейік, Astana Media Week 26-28 қазан күндері өтеді. Онда 150 отандық және халықаралық спикерлердің қатысуымен 30-дан астам іс-шара өтеді.