Жаңалықтар

Қошанов Тоқаевтың кандидаттығы туралы: Миллиондаған адам тұрақтылық пен бірлікті таңдап отыр

Қошанов Тоқаевтың кандидаттығы туралы: Миллиондаған адам тұрақтылық пен бірлікті таңдап отыр

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. 

6 қазан күні "Аманат" партиясы Президент сайлауында қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты үміткер ретінде ұсынды. Президент партия мүшесі емес. Ерлан Қошанов журналистің "Аманат" партиясының сапынан Президент сайлауына қатысатын әлеуеті бар кандидат табылмады ма деген деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол  көптеген партияның, саяси ұйымдардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің бірлесе құрған коалиция жұмысын бастап кеткенін, үгіт-насихат жұмыстарына рұқсат берілген күннен бастап Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабымы жұмысқа кірісетінін айтты.

Ерлан Қошанов Президент пен Парламент сайлауының белгіленгені күтпеген жағдай болғанын, десе де мемлекеттің болашақ тағдырына қатысы бар ірі шешімдер атүсті қабылданбайтынын айта кетті.