Депутаттар әйелдердің зейнетке шығу жасын бекітетін заң жобасын мақұлдады
Депутаттар әйелдердің зейнетке шығу жасын бекітетін заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады. Жолдауды іске асыру үшін депутаттар заң жобасына түзетулер енгізді. Атап айтқанда, бала күтімі бойынша төлемдерді 1,5 жасқа дейін ұлғайту, ең төмен базалық зейнетақы мөлшерін ең төмен күнкөріс деңгейінен – 70% дейін, ең жоғары базалық зейнетақы мөлшерін 120% дейін дәйекті түрде жеткізу, әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекіту, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табыс шегін 46 еселенген айлық есептік көрсеткіштен 55 еселенген деңгейге дейін ұлғайту қарастырылған.