Республика күні отбасы баспаналы болды
Республика күні отбасы баспаналы болды
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайдың бірінші жиынында 25 қазанды ұлттық мереке деп бекіту туралы заңға қол қойғаны белгілі.
Ұлтымыздың ұлық мерекесі - Республика күні қарсаңында Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты Жасөркен ауылында "Асарлатып үй салу" жобасы аясында бір отбасы қуанышқа кенелді. Ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерінің қолдауымен 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Төлтаева Эльмира Қуанышбекқызына 3 бөлмелі үйдің кілті табыс етілді. Жаңа жылды жаңа баспанада қарсылатын отбасының қуанышына аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев қатысып, игі іске қол ұшын берген ауылдастарға алғысын білдірді. Жыл ішінде бой көтерген тұрғын үйге 9 млн теңге жұмсалған
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі