Жаңалықтар

Кипр парламентшілері президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі

Кипр парламентшілері президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі

Қазақстанның Кипр Республикасындағы елшісі Сатыбалды Бұршақов Кипр Өкілдер Палатасының сыртқы және еуропалық істер жөніндегі комитетінің төрағасы - Кипр-Қазақстан парламентаралық достық тобының тең төрағасы Харрис Георгиадиспен кездесті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі.

Кездесу барысында Елші Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауы аясында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер туралы хабардар етті, сондай-ақ Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі және Азиядағы ынтымақтастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінің қорытындылары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Х. Георгиадис Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістерді оң бағалай отырып, қазақстандық парламентарийлермен өзара іс-қимыл жасауға дайындығын білдірді, сондай-ақ 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президенттік сайлаудың сәтті өтуін тіледі.