Жаңалықтар

Тоқаевты қолдау жөніндегі штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр

Тоқаевты қолдау жөніндегі штабтың үгіт-насихат жұмысы жалғасып жатыр

Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Халықтық коалицияның баспасөз қызметі мәлімдеді. Елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында сайлаушылармен экспромт-кездесу өтті.

Алматыда сайлаушылармен экспромт-кездесу «MEGA Park» сауда ойын-сауық орталығында өтті. Халықтық коалицияның белсенділері парақшалар таратып қана қоймай, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.